Skip to main content

«Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі

АХАЖ ақпараттық жүйесі- Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиғалар бойынша тіркеуге арналған (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ ауыстыру), бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер ЖТ МДҚ-ға беріледі.

Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау (туу, неке қию/бұзу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, Т.А.Ә. өзгерту, қайтыс болу), сондай-ақ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері үшін осы мәліметтерді ұсыну.

АХАЖ АЖ міндеті - ҚР халқының азаматтық хал актілерін оқиғалар бойынша тіркеу (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және Т.А.Ә. өзгерту).

Жүйені дамытудың негізгі кезеңдері:

  • 2007 жылғы 13 тамызда АХАЖ АЖ туу туралы мәліметтерді тіркеу режимімен тұрақты (өнеркәсіптік) пайдалануға енгізілді;
  • 2008 жылғы 14 сәуірде бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ өзгерту туралы акт жазбаларын тіркеу режимі енгізілді;
  • 2008 жылғы 1 мамырда - қайтыс болу туралы акт жазбаларын тіркеу режимі;
  • 2008 жылғы 1 маусымда - неке қию және бұзу туралы акт жазбаларын тіркеу режимі.

АХАЖ АЖ Қазақстан Республикасы ведомстволары мен мемлекеттік органдарының 25 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.