Skip to main content

Мемлекеттік органдардың интранет-порталы

Мемлекеттік органдардың интранет- порталы

 Мақсаты: мемлекеттік органдардың интранет-порталын құрудағы  басты мақсат -  бірыңғай ақпараттық ортаны қалыптастыру және  мемлекеттік органдардың  бизнес-процестерін автоматтандыру болып табылады.  

Мемлекеттік органдардың интранет- порталы (МОИП) міндеттері мен бағыты :

  • мемлекеттік қызметтің корпоративтік мәдениетін дамыту құралын  жасау;
  • әртүрлі ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері  арасында  тікелей байланысты орнатуға көмектесу;
  • ведомстволар ішінде  және  мемлекеттік органдар арасында білім алмасу, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру;

МОИП негізгі бизнес-процестері:

  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына келісім алу;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жасау, мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларының орындалуына мониторинг жасау;
  • мемлекеттік қызметшілер санының мониторингі;
  • ҚР Президенті Әкімшілігі  мен ҚР Премьер-Министрі  Кеңсесінің мемлекеттік органдарға берілген тапсырмалары туралы ескертіп отыру;
  • Онлайн режимде құжаттармен бірігіп жұмыс жасау;

 МОИП қосымша қызметтері:

  • Бірыңғай электрондық пошта;
  • «Сандарттар» деректер қоры;
  • «Құжаттар кітапханасы» деректер қоры;
  • «Заңнама» деректер қоры;
  • Қазақша-орысша-ағылшынша сөздік;
  • Хабарландыру тақтасы;
  • Міндеттерді жоспарлау мүмкіндігі бар күнтізбе;
  • Жаңалықтар лентасы түріндегі хабарлаушы;
  • Жылдам хабар алмасу;
  • ҚР мемлекеттік органдарының анықтамалығы;
  • Сауалнама жүргізу / әлеуметтік сауалнамалар;
  • Форум.

МОИП АЖ мынадай ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды қолдайды:

  1. ЭҚАБЖ;
  2. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы веб-порталы» АЖ;
  3. ҚР МО КО;
  4. БЭПЖ;
  5. «Әділет» - ҚР нормативтік құқықтық актілерінің деректер қоры;
  6. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімі» және «Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар  және нормативтік-техникалық  құжаттамалардың депозитарийлері»  АЖ;
  7. Архитектуралық портал - «Ақпараттандыру саласындағы білім базасы»;
  8. «Е-қызмет» ЫАЖ;
  9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің» қосалқы жүйесі.

    Қазіргі уақытта, МОИП- на барлық  орталық мемлекеттік органдар қосылды, оның ішінде комитеттер мен аумақтық  органдар және 16 жергілікті  атқарушы орган, оның ішінде Астана, Алматы қалалары.