Мобильдік үкімет
МОБИЛЬДІК ҮКІМЕТ – бұл мобильдік құрылғылар арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың арнасы.
Мобильдік үкіметтің көрсетілетін қызметтері мен сервистерін пайдалану үшін төмендегілер арқылы тіркелу қажет:
- Электрондық үкімет порталы (ЭҮП).
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.
MGOV МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША
MGov мына мобильді қосымшасын AppStore, Google Play жүктеп алыңыз.
Қосымшада ЖСН, ЭЦҚ немесе бір жолғы SMS пароль * арқылы кіріп, авторлануға болады.
Мобильдік қосымшаны активтендіріп көрсетілетін қызметтердің кең ауқымын аласыз:
- Тіркелу мекенжайыңыз, жылжымайтын мүлік, автокөліктің болуы туралы ақпаратпен
Жеке кабинет
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ақпараттық сервистер, төлемдер және хабарламаларды өзіне қамтумен
Көрсетілетін қызметтер каталогы.
- Объектілер картасы. Жақын жердегі мемлекеттік объектілер, нотариустар, балабақшалар, дәріханалар және т.б. объектілерді қарау үшін мобильдік қосымшада қозғалыс бағытын көрсету мүмкіндігімен карта әзірленген.
SIM-КАРТАДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
Мобильдік қолтаңбаның технологиясы арқылы пайдаланушының ЭЦҚ SIM-картасына жазылады. Абонент сұрау салуын растау үшін SMS-хабарлама жібере алатын ең қарапайым ұялы телефонды қолдана алады. Хабарламада абонент жеке басын куәландыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбасының PIN-кодын енгізеді.
SMS-ХАБАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ МОБИЛДІК ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
SMS-пен мынадай функционал қолжетімді:
- біржолғы парольді (OTP*) пайдалану арқылы авторизациялау және көрсетілетін қызметтерді алу;
- композиттік қызметтер;
- sms - әртүрлі оқиғалар, хабарландырулар, оның ішінде өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар;
- көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау.
*Бір реттік SMS -пароль –пайдаланушының мобильді телефонына келетін тексерілетін кодымен sms-хабарлама. SMS алу үшін пайдаланушы «M-Gov» мобильдік азаматтардың базасында тіркелуі тиіс.