Skip to main content

Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының операторы қызметтері

Ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ:

  • ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • ұлттық жасанды интеллект платформасын қолдап отыруды және оған жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
  • ұлттық жасанды интеллект платформасының базасында жасанды интеллект саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсынады;
  • ашық көздерден алынатын деректерді, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынған деректерді жинау, сақтау, өңдеу және таратуды жүзеге асырады;

Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының қызметтерін ұсыну ҚР «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ Заңының 13-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.