«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма мүшесі болып Алмаз Байжанов сайланды
Директорлар кеңесінің шешімімен Байжанов Алмаз Булатович «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Жаңа қызметінде ол үлкен деректер, аналитика және мемлекеттік секторға арналған цифрлық шешімдер бағыттарының дамуына жетекшілік етеді.
Алмаз Байжанов 1995 жылы дүниеге келді. «Туран-Астана» университетінің түлегі болып табылады. Еңбек жолын 2017 жылы бастап, әртүрлі жеке компанияларда жұмыс істеді. Жұмыс орындарының қатарына «ART BOX DESIGN» ЖШС, «ВК Астана-Экспо КС» ЖШС, «PosTel-Systems» ЖШС, «ПлюсМикро НС» ЖШС және «MTC CONSULTING» ЖШС ұйымдары кіреді.
2021-2022 жылдары «INTELLIGENT IT» ЖШС-де жобалар үйлестірушісі қызметін атқарған. 2022-2023 жылдары Sergek Development Ltd компаниясында Project manager және Product manager болып жұмыс істеген.
2023 жылдан 2025 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бірқатар лауазымдарды атқарды, оның ішінде бас инженер, Data Engineer, Big Data жобасының жетекшісі және Lead Analyst болды.
2025 жылы «Транстелеком» АҚ-да Big Data бағыты бойынша басқарушы директор болып тағайындалды.
2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы наурызға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да Smart Data Ukimet Big Data департаментінің директоры қызметін атқарды.
Үлкен деректер, цифрлық сервистер және аналитикалық шешімдер салаларында жобаларды іске асыру тәжірибесіне ие.







