Skip to main content
  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    Қазіргі таңда Қазақстанда Egov.kz электронды үкімет порталы мен Egov мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істейді.

    Интернетке кіру мүмкіндігі болған жағдайда, ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы қызмет, анықтама және ақпаратты алуға болады.

    Айта кеткен жөн, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты белгіленген уақытта кейбір қызметтерді алуда ақаулықтар болуы мүмкін. Атап айтқанда, қызметті беруші еліміздің жергілікті атқарушы органдары болып табылатын қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

  • Ақпараттық хабарлама

    Ақпараттық хабарлама

    ҚР Ұлттық куәландырушы ортагығы (ҚР ҰКО) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасының шығуы туралы хабарлаймыз.

    Осыған байланысты, ЭЦҚ пайдалана отырып, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу кезінде проблемаларды болдырмау үшін қосымшаны NCALayer жаңа нұсқасына дейін қайта орнату қажеттігі туралы хабарлаймыз.

    Қосымшаның жаңа нұсқасы келесі сілтеме бойынша "NCALayer" бөлімінде қол жетімді https://pki.gov.kz/ncalayer/.