Tele2/Altel операторы өздерінің жасанды интеллект шешімдерін дамыту үшін ұлттық суперкомпьютердің қуаттарын пайдаланатын болады
Tele2/Altel компаниясы өздерінің жасанды интеллект шешімдерін дамыту мақсатында Alem.cloud суперкомпьютерлік кластерінің серверлік қуаттарын жалға алуды жоспарлап отыр. Жобаны іске қосу туралы келісімге «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) мен Tele2/Altel арасында осы жылдың 2 қазанында Digital Bridge-2025 форумының аясында қол қойылды.