Skip to main content

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн қабылдау eGov.kz порталында және eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы қолжетімді болды

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн қабылдау eGov.kz порталында және eGov mobile мобилдік қосымшасы арқылы қолжетімді болды

eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында Назарбаев Зияткерлік мектептеріне білім грантына қатысу конкурсына өтінімдер қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 6 сыныпта оқитын балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері бере алады.

«Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру» қызметін алу туралы ақпараттық хабарлама

«Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру» қызметін алу туралы ақпараттық хабарлама

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін онлайн алу қызметі 2026 жылғы 8 қаңтарда eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы пилоттық режимде іске қосылды. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілген болса, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асты.

Қызметтің танымалдығы онлайн өтініш берудің ыңғайлылығын көрсетеді. Алайда кейбір жағдайларда төлем жасағаннан кейін пайдаланушылар таңдалған нөмірдің әлі де қолжетімді екенін көре алады. Көбінесе бұл өтініштің соңғы қадамында толық аяқталмағанымен байланысты.

eOtinish: мемлекет пен азаматтар арасындағы цифрлық диалог жаңа деңгейге шықты, бір жылда 5 млн астам өтініш

eOtinish: мемлекет пен азаматтар арасындағы цифрлық диалог жаңа деңгейге шықты, бір жылда 5 млн астам өтініш

Мемлекет пен халық арасындағы цифрлық өзара іс-қимылдың негізгі құралына айналған eOtinish платформасы қазақстандықтар арасында тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жүйе арқылы 5 миллионнан астам өтініш қабылданды. Бұл «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтар мен бизнес өтініштерін қараудың жаңа форматының тиімділігін айқын дәлелдейді.

eGov Mobile қосымшасында мүлікті ерікті сақтандыру сервисі іске қосылды

eGov Mobile қосымшасында мүлікті ерікті сақтандыру сервисі іске қосылды

eGov Mobile мобильді қосымшасында мүлікті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандырудың жаңа цифрлық сервисі қолжетімді болды. Жоба «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Tumar» сақтандыру брокері» ЖШС бірлесіп іске асырды және азаматтарға арналған цифрлық сервистер аясын кеңейтуге бағытталған.

Студенттер әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады

Студенттер әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға оқуға түсуге өтінішті eGov.kz порталы арқылы толық онлайн форматта бере алады. Құжат тапсырудың жаңа тәртібі офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларына конкурсқа қатысу процесін жеңілдетіп, еліміздің барлық өңіріндегі студенттер үшін оны ашық әрі қолжетімді етеді.