Исабекова Гүлмира Болатқызы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
Туған жылы мен күні: 1987 жылғы 11 қараша.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
2015 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлык заң университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтаған.
2021 жылы Nazarbayev University-де мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2011 жылғы мамыр айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да сервистерді ілгерілету жөніндегі менеджер қызметінен бастаған.
2011 жылғы шілдеден 2020 жылғы маусымға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Холдинг Зерде» АҚ қызмет атқарған.
2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы мамырға дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Электрондық үкіметті сүйемелдеу департаментінің директоры.
2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы маусымға дейін – «Freedom Finance Insurance» АҚ жобалық офисінің жетекшісі.
2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы маусымға дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ трансформация жөніндегі жетекшісі, Ашық деректер және интеграциялық сервистер департаментінің директоры.
2024 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Egov Operational бағыты бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қосымша жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік: жоқ.
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.