Skip to main content

ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР СҮТ сүйемелдеу және жүйелі-техникалық қызмет көрсету қызметі

Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығын (бұдан әрі – ҚР НКО), Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын (бұдан әрі – ҚР МО КО), Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығын (бұдан әрі – ҚР ҰКО) және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын (бұдан әрі – ҚР СБҮО) қолдап отыру қызметі – ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР СБҮТ куәландырушы орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді білдіреді:

  • «ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін ұсыну;
  • ҚР МО КО тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу қызметін ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарын аккредиттеу кезінде консультациялар көрсету;
  • ҚР НКО куәландырушы орталықтарын қайта бағындыру;
  • шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыру.

ҚР НКО ТҚС, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР КҚД қызметтерінің құрамына:

  • КО серверлік қолданбалы бағдарламалық қамтылымын әкімшілендіру, сондай-ақ арнайы пайдаланушылардың тіркеу куәліктерін шығару және кері қайтарып алу және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері тізімінің өзектілігін қамтамасыз ету;
  • ҚР НКО, ҚР ҰКО, ҚР МО КО, ҚР КҚД жобалары шеңберінде серверлер жағдайының мониторингі;
  • барлық қажетті статистикалық ақпаратты алу үшін ҚР ҰКО дерекқорын қолдап отыру, жаңғырту кіреді.