Skip to main content

Кибермониторинг және инциденттерді тексеру басқармасы инженері

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім. Мамандығы: Ақпараттық жүйелер. Автоматтандыру және басқару. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері. Орта кәсіптік білімі не ЖОО-ның 3/4 курсында оқуы туралы анықтаманы ұсынумен аяқталмаған білімі бар болса: мамандыққа талаптар қойылмайды.
  • Жоғары кәсіби білім болса – еңбек өтілі қажет емес.

Міндетті білім мен дағдылардың болуы

  • Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау негіздерін білу.
  • Деректер желілерінің жұмыс істеу принциптерін білу.
  • Ақпаратты қорғау құралдарының жұмыс істеу принциптерін білу.
  • Windows/Linux, сервер/желілік жабдықты басқару, АЖ осалдықтарын анықтау/жою, SIEM немесе басқа бақылау жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.
  • Компьютерлік және желілік қауіпсіздік, веб-қосымшалардың қауіпсіздігі принциптерін түсіну. Орыс және қазақ тілдерін білу.

Қажетті білім мен дағдылар

  • Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, ОЖ әкімшілігі саласындағы сертификаттармен расталған білім мен дағдылардың (мүмкіндігінше) болуы, оның ішінде (мүмкіндігінше) келесі салалардағы сертификаттар: серверлік операциялық жүйелерді әкімшілендіру; желілік жабдықты басқару; SIEM жүйелерін басқару.
  • Осалдықтарды анықтау үшін арнайы бағдарламалық құралмен жұмыс істеу дағдылары құпталады. Арнайы техникалық құжаттаманы оқу деңгейінде ағылшын тілін білу

Міндеттері:

  • АҚЖО мен Басқарма жүйелерін әкімшілендіру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік техникасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
  • Операциялық жүйелер мен қолданбалы бағдарламалық қамтылымды, инциденттерге мониторинг жүргізу мен тексеруге қатысатын деректер қоры тұрғысынан техникалық қолдау көрсету.
  • АҚ жүйесінің жабдығына профилактикалық қызмет көрсету.
  • Басқарманың желілік құрылғылары, серверлері мен АҚ жүйелеріндегі конфигурацияланған ережелерді/саясаттарды жетілдіру жұмыстарын жүргізу және/немесе Басқарманың жауапты қызметкерлеріне тиісті нұсқау/ұсынымдар беру.
  • Қоғамда АҚ талаптарына сәйкестігіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысу, анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар беру.

Компания төмендегілерді ұсынады:

  • Жұмыскерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарынан өту (оның ішінде халықаралық стандарттар);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақысы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған емдік жәрдемақы;
  • Тоқсан сайынғы сыйлықақы;
  • Заманауи және ыңғайлы кеңсе;
  • Елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.

Жұмыс жағдайы:

  • Жалақы мөлшері әңгімелесу барысында талқыланады;
  • Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.

Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.