Skip to main content

«Ашық бюджеттер» порталындағы деректерді кеңінен іздестіру мен іріктеу жүзеге асырылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, «Ашық бюджеттер» (https://budget.egov.kz/) компонентінің жаңартылғаны туралы хабарлайды. 

Бұрын, қарапайым іздеуді пайдалану кезінде көп артық ақпарат берілетін.

Енді, осы порталда фильтрлерді пайдалану  арқылы ақпаратты кеңінен іздестіру мүмкіндігі бар.

Кеңінен іздестіру арқылы  қажетті ақпаратты іздеу мүмкіндігі пайда болады. Өз кезегінде, бұл іздестіру сауалын  нақтылауға, атап айтқанда орналастырылған  материалдар мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын жариялау түрі, иесі және кезеңі бойынша іздестіруді шектеуге мүмкіндік береді.  

Сонымен қатар, пайдаланушылардың қолайлығы  үшін «Бюджеттік бағдарламалар» және «Материалдар» бөлімдеріндегі фильтрлер бірнеше өлшемдер бойынша толықтырылды.

Анықтама:

«Ашық бюджеттер»  порталында 8000 жуық материал, 31 мыңнан астам бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ 22 мыңға жуық Қоғамдық кеңеске берілген бюджеттік бағдарламалардың  жобалары жарияланды.