Skip to main content

Баланың білімі туралы ақпарат енді eGov mobile мобильді қосымшасында сандық құжат түрінде қол жетімді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ұлттық ақпараттар технологиясы» АҚ және А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығымен бірлесіп Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы мәліметтер» жаңа цифрлық құжатты іске қосты. Бұл қызметті смартфоныңыздағы Egov Mobile электронды үкімет қосымшасы арқылы электронды түрде пайдалануға болады.

Баланың білімі туралы ақпарат енді eGov mobile мобильді қосымшасында сандық құжат түрінде қол жетімді және оны оқу орнындағы анықтаманың орнына пайдалануға болады. Енді оқу орнынан анықтама алу үшін мектепке, балабақшаға немесе колледжге барудың және оның дайын болуын күтудің қажеті жоқ. Білім туралы ақпаратта толық аты-жөні, ЖСН, туған күні, білім беру ұйымының деректері, тобтың жасы, балабақша үшін топ атауы, мектеп үшін сыныбы мен литері және колледж үшін топ коды көрсетіледі. Сонымен қатар, ата-аналарға мектептегі көлік карталарын және басқа қызметтерді алу кезінде баланың білімі туралы сандық ақпарат қажет болуы мүмкін.

"Цифрлық құжат - бұл құжаттың түпнұсқасының аналогы және біз азаматтардың сұранысына сәйкес цифрлық құжаттардың тізбесін үнемі кеңейтіп отырамыз. Қазіргі уақытта "Цифрлық құжаттар" сервисінде "Білім туралы мәліметтерді" қоса алғанда 31 құжат бар", - деп "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

"Білім туралы мәліметтер" цифрлық құжатын табу үшін:

  1. Қолданбаға кіріп басты бетте "Сандық құжаттар" түймесін басыңыз.
  2. Құжаттар тізімін жаңартыңыз және сандық құжатты көруге болады.

Сандық құжаттың иесі құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеру үшін құжаттың QR кодын бере алады.