Skip to main content

Digital Bridge 2025 аясында «AI-Powered DPI: Building Inclusive and Intelligent Public Infrastructure» атты сессиясы өтті

Жасанды интеллекттің (ЖИ) цифрлық қоғамдық инфрақұрылымды дамытудағы рөліне арналған, Digital Bridge 2025 аясында «AI-Powered DPI: Building Inclusive and Intelligent Public Infrastructure» атты сессиясы өтті. Дискуссия модераторы NITEC компаниясының стратегия және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Азамат Баймен болды.

Сарапшылар ЖИ технологияларының смарт әрі инклюзивті цифрлық сервистер құруға қалай көмектесетінін талқылап, сенімді цифрлық платформаларды қалыптастырудағы халықаралық тәжірибелерімен бөлісті және мұндай шешімдерді ауқымдауға қажет халықаралық ынтымақтастық, инвестициялар және икемді реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«ЖИ-жобаларды енгізу тәсілдері жан-жақты болуы тиіс: этиканы, модульдерді қайта пайдалану мүмкіндігін, халықаралық ынтымақтастықты және бизнестің қатысуын ескеру маңызды. Серіктестердің қандай шешімдер қолданатынын тыңдау қызықты болды», – деп атап өтті Азамат.

DPI жаңа буынның цифрлық мемлекетінің іргетасына айналуда, ал жасанды интеллект оны халық үшін тиімдірек, қауіпсіз әрі қолайлы ету жолында басты рөл атқарады.