Skip to main content

Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

Шуақты мейрам, күн мен түн теңеліп, күллі тіршілік қайта жаңғырып, жұртшылық асыға күтетін  Наурыз мерекесімен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке қарсаңында баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!

Табиғаттың жаңаруын сезіндіріп, жүректерге ерекше жылулық сыйлайтын Наурызбен бірге жаңа шыңдарды бағындыру жолында  шабыт пен күштеріңіз артып, үлкен жетістіктерге қол жеткізулеріңізге тілектеспіз.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!