Skip to main content

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде гранттық бағдарламалар

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламалары бойынша конкурс жариялайды.          

Гранттық бағдарламаның мақсаты - коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларды құру және іске асыру үшін ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2022 жыл 18 ақпанда басталады және 2022 жылғы

31 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18 сағат 00 минутта аяқталады.

Гранттық бағдарлама туралы толық ақпаратпен www.fpip.kz сайтында «Өндірістік сектор консорциумдары I» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықта, «Өндірістік сектор консорциумдары II» гранттық бағдарламасы бойынша нұсқаулықта танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электрондық поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.