Skip to main content

Өзбекстан Республикасымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Өзбекстан Республикасымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға және келісімге қол қойды.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен қолдау жөніндегі бірыңғай интегратор – UZINFOCOM-мен меморандум жасалды, Өзбекстан Республикасының «Электрондық үкімет» жүйесін дамыту орталығымен келісімге қол қойылды.

Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың төменде аталған бағыттары бойынша келісімге келді:

-  АКТ саласында бірлескен форумдар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар мен тұсаукесерлер, кездесулер мен келіссөздер ұйымдастыру және өткізу;

-  консультациялық жұмыстар жүргізу;

-  инвестициялық жобаларды құру мен дамыту;

-  «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін құру, сүйемелдеу мен дамыту;

-  мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, сондай-ақ бизнес өкілдерімен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында интеграциялар жүргізу;

-  АКТ саласында ақпаратпен және тәжірибемен алмасу;

-  АТ сервистерін басқарудың бизнес-процестерін құру саласында ақпаратпен және тәжірибемен алмасу;

 

Құжаттарға қол қою Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев пен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Раматовтың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы және Өзбекстанның цифрлық трансформациялау бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі шеңберінде болғанын хабарлаймыз.

 

23 қазақстандық компания Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдерін «электрондық үкімет», денсаулық сақтау, білім, көлік, қауіпсіздік және басқа салаларға арналған 60 АТ-шешіммен таныстырды.

АТ-компаниялармен бірге қазақстандық тарап құрамындағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және басқа ұйымдардың өкілдері кездесуге қатысты.

Анықтама ретінде: биылғы жылы Өзбекстан БҰҰ-ның «электрондық үкіметті» дамыту индексінде (E-Government Development Index) 20 жолға көтеріліп, әлемде 80-інші орынға ие.