Skip to main content

Сотталмағаны туралы анықтаманы бір реттік sms-құпиясөз арқылы алуға болады

Сотталмағаны туралы анықтаманы бір реттік sms-құпиясөз арқылы алуға болады

Сотталмағаны туралы анықтаманы электронды үкімет порталынан алу үшін электронды цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Қазақстандықтар egov.kz порталында авторизациялаудан өткеннен кейін ұялы телефонға келіп түсетін  бір реттік sms-құпиясөз арқылы аталған анықтаманы ала алады.

Бір реттік құпиясөзді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып телефонға ЖСН-ін тіркеу арқылы алуға да болады. Сонымен қатар құпиясөзді алу үшін азаматтар электронды үкімет порталының  мобильді  - mGovқосымшасына тіркелген жағдайда да анықтаманы алуына болады.

Жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен пилоттық режімде жүзеге асты. Қазіргі уақытта басқа органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процесстерін жеңілдету жұмыстары жүріп жатыр.