Skip to main content

Техникалық ақаулық бойынша ақпарат

Бүгін Астана уақытымен сағат 11:36-та  ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жүйесінде техникалық ақаулықтар анықталды.

Жүйедегі қолайсыздықтарға "Мемлекеттік техникалық қызметі" РМК-ның Дата-орталығынан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның Дата-орталығына тасымалдау жұмыстарын атқару  кезіндегі ашық кілттер инфрақұрылымының серверлік жабдықтарының зақымдалуы себеп болды.

Ақаулықтар көзбен анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар, серверлердің жұмысын қалпына келтірудің алдындағы тестілеу жұмыстары қате көрсеткен жоқ.

Қазіргі уақытта жүйелерді қалпына келтіру бағытындағы барлық жұмыстар аяқталды.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.