Skip to main content

«ҰАТ» АҚ футболдан өткен мини-турнирда жеңіске жетті

«ҰАТ» АҚ футболдан өткен мини-турнирда жеңіске жетті

«ҰАТ» АҚ-ның футбол командасы ер азаматтар арасында мини-футболдан өткен жарыста жеңіске жетті. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Кубогы үшін 16 топ таласқа түсті. Олардың қатарында Талдау және ақпарат орталығының, Орталық коммуникациялар қызметінің, «Зерде» холдингінің, «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының, «Қазақпарат» ХАА және басқа БАҚ өкілдерінен құралған командалар бар.

Бірінші орын үшін қызу таласта «ҰАТ» АҚ-ның футбол командасы жеңіске жетті. Қорытынды шайқаста біздің ойыншылар «Республикалық радио» ЖШС-ның командасымен ақтық ойын ойнап, 5:3 есебімен айқын ұтысқа қол жеткізді. Наурыздың 18-і күні Қазмедиа орталығында жеңіске жеткен команданы Кубокпен марапаттау салтанатты түрде өтті.

«ҰАТ» АҚ ұжымы әріптестерді шын жүректен жеңіспен құттықтай отырып, алдағы спорттық жарыстарда да жеңіске жетуді тілейді.

«ҰАТ» АҚ-ның футбол командасының құрамы:

Капитан: Қуандық Қуатов, Басқарушы директор

Қақпашы: Азамат Ниетуллаев

Ойыншылар: Дәурен Әділұлы, Азамат Магроев, Дастан Жаналиев, Бағдат Залғараев, Ерлан Оспанов, Дархан Хамзин, Еламан Темірбек, Мақсат Сансызбаев.