Skip to main content

«ҰАТ» АҚ-ғы балаларды қорғау күні

Жаздың басы еліміздің ең жылы және көңілді мерекелерінің бірі - Халықаралық балаларды қорғау күнімен сәйкес келеді. 1 маусымда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ – да NITEC Kids іс-шарасы-компания жұмыскерлерінің балаларына арналған Ашық есік күні өтті. Балалар ата-аналарының кәсіби қызметімен танысып, жұмыс орындарында отыра алды және жұмыста не істейтінін білді.

Сондай-ақ, балалар үшін конкурстар, таза ауада командалық жарыстар өткізілді, әр бала естелік сыйлық пен көптеген жағымды әсерлер алды. Біз балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз және әр балаға бақытты балалық шақ тілейміз!