Skip to main content

«ҰАТ» АҚ қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өз қызметкерлері үшін жұмыс орнында арнайы орынжай бөліп, екпе алу пунктін ұйымдастырды. «Екпе аламын» деген шешім қабылдаған әр қызметкер жұмыс барысында аздаған уақыт алып, COVID-19-ға қарсы екпе алуға қол жеткізді. 

Бұған қоса, медицина қызметкерлері дәріс өткізді, онда дәрігерлер екпені ұйымдастыру процестері, оны жүргізу тәртібі, екпенің маңыздылығы, одан кейінгі әсерлер мен белгілерге назар аудару қажеттілігі туралы айтып берді.

Ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды сүйемелдеу мен қолдау департаментінің бас маманы Аслан Борамбаев «Біздің компания өз қызметкерлерінің қамын ойлайды және жұмыс орнында екпе алуды ұйымдастырды. Бұл өте ыңғайлы, ешқайда барудың қажеті жоқ» деп, компания басшылығына ризашылығын білдірді. 

Жұмыс орнында екпе алу қызметкерлердің медициналық мекемелерге өздігінен жүгінуге жұмсалған уақыт ресурстарын айтарлықтай азайтады. 

Екпенің екінші компонентін де Компания қызметкерлері жұмыс орындарында алады.