Skip to main content

«ҰАТ» АҚ мини-футбол бойынша турнир өтті

«ҰАТ» АҚ мини-футбол бойынша турнир өтті

25-26 ақпанда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да «Ауыспалы Кубок» мини-футбол бойынша турнир өтті. Турнирге 7 команда: Инфрақұрылымды пайдалану және жүйелерді сүйемелдеу бөлігі, Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлігі, Қызметті қамтамасыз ету бөлігі, Стратегиялық басқару және ашық үкімет бөлігі, Астана қ. бойынша Ақпараттық технология орталығы,  сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ командалары қатысты.

Бірінші іріктеу күнінің нәтижесі бойынша жартылай финалға Инфрақұрылымды пайдалану және жүйелерді сүйемелдеу бөлігі, Стратегиялық басқару және ашық үкімет бөлігі және Астана қ. бойынша АТО және ҚР АКМ командалары шықты.

Үшінші орын үшін күресте ҚР АКМ командасы, Ашық үкімет және стратегиялық басқару командасынан озып, 2-1 есебімен жеңіске жетті.

Қорытынды жарыста турнирдің жеңімпазы атағына Астана қ. бойынша АТО мен Инфрақұрылымды пайдалану және жүйелерді сүйемелдеу командалары таласты. Матч 1-1 есебімен аяқталды. Пенальти нәтижесі бойынша Астана қ. бойынша АТО командасы ойынның чемпионы атанды.

Бұдан басқа, әр түрлі номинациядағы жеңімпаздардың есімі анықталды: Азамат Ниетуллаев (Астана қ. бойынша АТО) – «Үздік қақпашы», Дәулет Бекманов (ҚР АКМ) - «Үздік қорғаушы», Азамат Магроев (Стратегиялық басқару және ашық үкімет бөлігі) – «Үздік шабуылшы», Әділет Абдумомынов (Астана қ. бойынша АТО) – «Үздік сұрмерген», Бағдат Залгараев (Инфрақұрылымды пайдалану және жүйелерді сүйемелдеу бөлігі) – «Ең үздік ойыншы» атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай турнир жыл сайын ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жарысты жеңіп алған команда келесі жылдың жеңімпазына кубокты тапсырады.