Skip to main content

«ҰАТ» АҚ үздік жұмыскерлеріне салалық наградалар «Үздік байланысшы» және төсбелгі медалдары берілді

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шаралардың шеңберінде саланы дамытуға қосқан үлесі үшін компанияның үздік жұмыскерлеріне құрметті салалық наградалар «Үздік байланысшы» және төсбелгі медалдары берілді.

Марапатталғандардың көпшілігі «ҰАТ» АҚ-да компания құрылған сәтінін бастап жұмыс жасайды және көптеген ірі жобалар мен ақпараттық жүйелерді табысты енгізу және іске асыру жұмыстарын жалғастыруда. Жылдар бойы өзінің жұмысына берілгендігін және кәсібилігін танытты. «ҰАТ» АҚ жұмыскерлерінің арасында алдына қойылған міндетті жедел шешетін, құнды және прогрессивтік идеяларды пайдаланылатын адамдар бар. Жобаларды дамыту бойынша өзінің көрінісін ұсынуға қабілетті, халықаралық тенденцияларды қадағалайды, олардың идеялық туындысынан пайдалануға енгізгенге дейінгі жеке жобаларды жүргізуде. Біз биыл компанияның 18 жылдығына және үздік жұмыскерлердің мәртебесін көтеру үшін тапсырылған жобаны жаңашыл орындағаны, мінсіз және тиімді жұмысы үшін «ҰАТ» I, II және III төсбелгі медалдарымен наградтауды бастамаладық.

«ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы, Әсет Тұрысов Қазақстанның іріIТ-компанияларының бірінен, сондай-ақ мемлекеттің дамыту бағдарламаларын ойдағыдай іске асыруға өзінің баға жетпес үлесін қосатын орталық аппараттың жұмыскерлері және өңірлік қызметкерлерін – атап өтті.

Салтанатты рәсімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату және ақпараттық-коммуникация саласын дамыту саласында жеткен табыстары мен жетістіктері үшін «Үздік байланысшы» наградасы Атырау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының бас инженері Есенғарин Ерболатқа және ОАТО қызметін үйлестіру департаментінің бас маманы Сариева Жаннатқа берілді.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің құрмет грамотасы «ҰАТ» АҚ Бюджетті жоспарлау департаментінің директоры Тапаева Шайзагүлге берілді.

Кәсіби жетістіктері және Қоғамды дамытуға қосқан үлесі мен саладағы ерен еңбегі үшін IТ-саласында 15 жылдан астам жұмыс істеген 33 жұмыскерлер I дәрежелі алтын төсбелгісі медалімен наградталды.

Еңбек қызметіндегі ерен еңбегі мен жетістіктері үшін II және III дәрежедегі медалдармен 200 қызметкерлер награтталды.