Skip to main content

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Жыл таңдауы» лауреаты атанды

21.11.18 ж., Алматыда Еуразия елдерінің бизнес саласы мен кәсіпорындары үшін жыл сайынғы маңызды іс-шаралардың бірі – «Жыл таңдауы -2018» өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болды.

Осы ұлттық жобада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Инновация, жаңғырту және даму саласындағы жетістіктері үшін» - ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығының лауреаты атанды.

«Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласы күн санап емес, сағат сайын дамуда. Осы орайда, ұлттық оператор "ҰАТ" АҚ рөлі өте маңызды болмақ, себебі, бұл мемлекеттік маңызды ақпараттық жүйелердің жалғыз интеграторы және бұл награда бірнеше мың адамның жұмыс нәтижесі болып табылады», - деп атап өтті марапаттау рәсіміне қатысқан «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Ақан Сарманов.  

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан цифрлық тұрғыдан  прогрессивті болды, ал осы саладағы алдыңғы қатардағы ұйым «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болып табылады, ол Қазақстан азаматтары үшін цифрлық қызметтер құруда және жалпы халыққа ғана емес, мемлекеттік органдарға да қызмет көрсетеді әрі интеграциялық жұмыстар жүргізеді, бұл өз кезегінде елімізді цифрландыру саласындағы халықаралық деңгейге шығарады.

Сонымен қатар, лауреаттарға жобаның басты жүлделері - "Алтын адам" мүсіндері, "Қоғамдық тану" және " № 1 Жыл таңдауы" атақтары мен медальдері берілді.

19-шы рет өтіп жатқан осы ұлттық жобаға 100-ден астам компания қатысты.

                                                                                                                    * * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ  орталық және аумақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, МО  деректер қорындағы  ақпараттың  қауіпсіз сақталуына  жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – “Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы секілді қызметтер.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д.Қонаев к-сі 14/1

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz