Skip to main content

Жаңа цифрлық құжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» қолжетімді.

Колледж дипломы - арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді сіз осы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен электронды түрде ұсына аласыз.

«eGov mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» сервисі болып саналады. Осы сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады. Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болды. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады. (1-сурет).

Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.

Сіз мобильді қосымшаны iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесінің пайдаланушылары үшін Play Market және App Gallery-ден жүктей аласыз.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмысының арқасында іске асырылды.