Skip to main content

Ақпараттық қауіпсіздік

«ҰАТ» АҚ-ның АҚЖО-сы – құрамында талдаушылар, операторлар мен ақпараттық қауіпсіздік инженерлері бар кәсіби мамандар тобы, олар тәулік уақытына қарамастан 24/7 режимінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және АҚЖО-ға қосылған мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

АҚЖО міндеттері:

  • тәулік бойғы АҚ инциденттеріне мониторинг жүргізу, оларды анықтау мен оларға ден қою;
  • журнал оқиғаларын үздіксіз қабылдау мен сақтауды, сондай-ақ оларды Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына (бұдан әрі - АҚҰҮО) беруді қамтамасыз ету;
  • АҚ осалдықтарын анықтау, тапсырыс берушінің серверлері мен инфрақұрылымына ену мүмкіндіктерін тексеру;
  • бастапқы кодты талдау;
  • тапсырыс берушіге АҚЖО жасаған жұмыс туралы толық есеп беруді ұсыну;
  • АҚ-ны қамтамасыз ету және ықтимал тәуекелдерді азайту үшін тапсырыс берушіге ұсынымдар беру.

«ҰАТ» АҚ АҚЖО-ның артықшылықтары:

  • АҚЖО-ның «24х7х365» режимінде тәулік бойы жұмыс істеуі;
  • Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында АҚЖО-ның АҚ жүйелері мен инфрақұрылымын орналастыру, соның салдарынан ақауларға төзімділіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі, сонымен қатар тапсырыс беруші деректерінің құпиялылығы, қолжетімділігі мен тұтастылығы қамтамасыз етіледі;
  • Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі - МО БКО) қолжетімділіктің болуы, ол тапсырыс берушінің ақпараттандыру объектілерін АҚЖО-ға МО БКО қол жетімді байланыс арналары арқылы сенімді және қауіпсіз қосуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
  • ISO/IEC 27001 «АҚ менеджмент жүйесі» бойынша халықаралық сертификаттардың бар болуы және оның ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесімен» және ISO/IEC 20000 «Қызметтер менеджментімен» интеграциясы;
  • АҚҰҮО-мен, соның ішінде ақпараттандыру объектілерінің қорғалуы мен жұмыс істеуінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимыл.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 72 лицензиясы