Skip to main content

Е-нотариат

«Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі

Нотариус құжаттар мен мәмілелердікуәландыратын тұлға болып табылады. Азаматтар нотариустың көмегіне  көптеген жағдайларда жүгінеді: диплом көшірмесін куәландыру, шетел елге шығу үшін құжаттарды куәландыру, пәтер сату немесе сатып алу, мұрагерлік құжаттарды рәсімдеу және т.б. Егер бұрын азаматтар тиісінше дайындалмай қажетті анықтамаларды жинауға, ең жақын орналасқан нотариаттық кеңсені табуға, қажетті құжаттарды алуға көп уақытын жұмсаса, қазір «Е-нотариат» жүйесінің енгізілуімен клиенттің де, нотариустың да уақыты үнемделген.

219 092 тыйым салулар

56 млн. астам әрекет ету

488 895 мұрагерлік іс

ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІК

Клиенттерден сұратылатын құжаттар санының азаюы және өздері алып келген құжаттардың түпнұсқалылығының тексерілуі.

«Е-нотариат» жүйесі басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелер және деректер қорларымен интеграцияланған. Интеграция нәтижесінде нотариустардың нотариаттық әрекет жасау кезінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар туралы ақпараттарды онлайн сұратуға мүмкіндіктері туды. Ел азаматтары мұндай ақпараттарды нотариусқа ұсынбайды, ал нотариустарға құжаттарды жинау және сақтаудың қажеті жоқ.

АЙҚЫНДЫЛЫҚ

Нотариустың барлық әрекеттері, мәмілелер мен ақпарат сұратулары жүйеде белгіленеді.

НОТАРИУСТАР ЖҰМЫСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Жүйеде барлық іс-әрекеттердің электрондық тізілімі жүргізіледі және ол қажетті ақпаратты жеңіл іздеуге мүмкіндік береді. Нотариаттық палатаға тапсырылатын жартыжылдық есеп берулерді жүйе автоматты түрде құрастырады.

ЖҰМЫС САПАСЫ

Порталда «Е-нотариат» жүйесімен жұмыс жасау туралы нұсқаулықтар және нотариаттық қызметтерді жүргізу туралы оқыту видеолары жүйелі түрде жарияланады.

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ

Порталдың басты бетінде азаматтар аймақтағы барлық нотариустар туралы ақпарат, олардың мекенжайы мен байланыс ақпараттарын, лицензиясы туралы ақпаратты таба алады.

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

Жүйенің көмегімен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариаттық қызметтерді реттейтін толық заңнамалық базасын, содай-ақ елдегі нотариат мәселесін жетекшілік ететін аумақтық палаталары және әділеттік органдардың байланыс ақпараттарын таба алады.

КЕДЕРГІЛЕР МЕН БЮРОКРАТИЯНЫ ТӨМЕНДЕТУ

Қазір Қазақстанда келісімдердің басым көпшілігін рәсімдеу үшін нотариустарға мекенжай анықтамасы, жылжымалы мүлік туралы анықтама, сотталған-сотталмағаны және жұмысқа қабілеттілігі туралы анықтама сияқты құжаттарды ұсыну керек емес. ЖСН-ңіз көрсетілген жеке куәлігіңіздің болғаны жеткілікті. Осының барлығы басқа жүйелер мен деректер қорымен өзара іс-қимыл жасайтын  «Е-нотариат» жүйесінің арқасында мүмкін болды.

КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

«Е-нотариат» жүйесінің арқасында Қазақстан Республикасының азаматтары нотариусқа келген кезде ешқандай құқықбұзушылық және алаяқтық келісім шарттар жасалмайтынына сенімді бола алады. Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатып алу- сату мәмілесін рәсімдеу кезінде, нотариус сатушы құжаттарының түпнұсқалылығын және оның мүліктік құқығын тексере алады, сонымен қатар оның тыйым салу мен мүлік ауырпалылығының бар/жоқ екеніне көз жеткізе алады.

ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ

Жылжымалы мүлікке қатысты  құқықты нотариаттық кеңсенің өзінде тіркеуге болады. Қосымша инстанцияларға жүгінудің қажеті жоқ Азаматтар жылжымалы мүлікті алғаннан кейін жүйеде бірден құқықтарын тіркей алады. Тараптармен жылжымайтын мүлік туралы келісім шарт бекітілгеннен кейін нотариус «Е-нотариат» жүйесінің көмегімен мүлік құқығын тіркеу үшін мемлекеттік органға cұрау салу жасайды.

ЕНИС сайты 

ЕНИС Видеоролигі