Skip to main content

ХҚКО интеграцияланған ақпарттық жүйесі

Қызмет алу үшін құжаттардың санын қысқарту , олардың қайталануын жою.ХҚКО ЫАЖ мен мемлекеттік деректер қоры және басқа да жүйелердің интеграциясының арқасында  қандай да бір қызмет түрін алуға қажетті құжаттар тізімі айтарлықтай қысқарды. Енді аралас жүйелердегі  деректер  автоматты түрде жиналады.

Уақытты үнемдеу. Бұрын азаматқа әр түрлі сатылардан жинауға тура келген құжаттар  санының азаюы, оның уақытын үнемдеумен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы фронт-кеңселері  операторларының қызмет көрсету уақытына да әсер етті. Нәтижесінде, олардың нәтижелілігі өсті. Сондай-ақ, орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.

Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру.  Жүйе мемлекеттік қызметтер көрсетуге берілген  уақыттың  бұзылуын көрсетіп тұрады.  Бұл деректер жыл сайын мемлекеттік органдар жұмысына баға беруде пайдаланылады. Егер де бұрын қызмет көрсету уақыты регламенттен асып кетсе, бұл факт еш жерде белгіленбейтін. Ал жаңа жүйені енгізудің арқасында белгіленген уақыт ішінде көрсетілмеген қызметтер жүйеде бірден көрсетіледі, нәтижесінде кінә кімнен болғаны және қандай себепке байланысты қызмет уақытылы көрсетілмегендігі анықталады. Осылайша, әрбір мемлекеттік орган уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге мүдделі.

Нақты уақыт режиміндегі мониторинг және бақылау. 2011 жылы Қазақстанда нақты уақыт режимінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-кеңселеріңің жұмысын бақылауға мүмкіндік беретін Ахуалдық орталық құрылды. Орталықтың мамандары оперативті түрде қызмет алуға кезекте тұрған азаматтардың санын біліп отырады, нақты тұтынушыға қызмет көрсетуге кеткен уақытқа, тұтынушылардың фронт-офистердің жұмысына баға беруіне, операторлар жұмысының нәтижелігіне  сұрақтарға талдау жасайды.

Еліміз бойынша жалпы жағдай интерактивті картада көрсетеді. Ол мемлекеттік қызметтер бөлігінде мемлекеттік қызметтерге өтінімдердің жалпы санын көрсетеді, белгілі бір фронт-офистің жүктелім деңгейін, белгілі бір уақытта сұранысы жоғары қызметтер түрін анықтайды,  қызмет көрсету бойынша кешіктірулер туралы белгі береді.

Бизнес-процестерді автоматтандыру, барлық деректер қоры мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің бірігуі нәтижесінде,  қызметтерді көрсету уақыты орта есеппен 2 сағатқа дейін қысқарды, және азаматтардың орындаушылармен,  құжаттарды дайындауға жауаптылармен  тікелей байланысы алынып тасталды.

Бүгінгі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы 333 мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясының 318 бөлімдері жұмыс істейді оның ішінде 13 көші-қон қызмет көрсету орталықтары.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 4 сектор мен 16 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Бұқара топқа, соның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындау  аясында, барлық облыстарда пилоттық режимде 14 мобильдік ХҚКО іске қосылды, ал 2012 жылы 56 баламалы қосымша ХҚКО жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 70 Мобильдік ХҚКО жұмыс істеуде .

 Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жетімділігін арттыруға да көңіл бөлінеді. Осылайша, корпорацияның фронт-офистерінде құжаттарды қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру түймелері орнатылды.