Skip to main content

Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы

Қазіргі уақытта МО БКО келесі инфрақұрылымға ие:

- Нұр-Сұлтан қ. үлестірілген оптикалық-талшықты желісін қамтитын, сонымен қатар ҚР облыс орталықтары мен Алматы қ. қалалық желілірін МО БКО жерүсті сегменті.

Қалалық желілерді ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қ. ядроның 40Гбит/с және облыстық орталықтарында 10Гбит/с дейін ішкі өткізу қабілетімен әрбір абонентке (мемлекеттік органға) дейін 1Гбит/с жылдамдықпен IP/MPLS технологиясын пайдаланумен жүзеге асырылады.

Желіні құру техникалық шешім келесі талаптарды қанағаттандырады:

- желі сенімділігінің жоғарғы дәрежелігі 99,95% кем емес;

- желілік ресурстарының жоғарғы қауіпсіздігін қаматамасыз ету;

- қызмет көрсету сапалылығын қолдау және сервистік деңгейін басқару;

- желі ресурстарын бақылау және оларды пайдалануды жоспарлау.

Мемлекеттік органдарының деректер беру желісінің негізгі технологиясымен MPLS технологиясы таңдалған, соның негізінде әрбір мемлекеттік орган үлестірілген оқшауланған желісін алатын болады.

– МО БКО жерсеріктік сегменті Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарын қамтиды. Байланысты ұйымдастыру схемасы аудан орталықтарына деректерді облыстық торапқа да, Нұр-Сұлтан қ. Орталық жерүсті жерсеріктік станциясына да табыстауды бір жерсеріктік секірісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.