Ұлттық суперкомпьютер
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) ҚР Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен суперкомпьютер құру бойынша ауқымды жобаны іске асырды. Оның жоғары өнімді есептеу инфрақұрылымы HPE Cray XD670 серверлері мен NVIDIA H200 графикалық процессорлары (496 дана) негізінде жүзеге асырылған. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында орындалды.
| Суперкомпьютердің атауы | Alem.Cloud |
| Орнату орнының қысқаша сипаттамасы | Alem.Cloud деректер орталығы |
| Орналасқан жері (ел, облыс, қала) | Қазақстан Республикасы, Астана |
| Торап моделі | HPE Cray XD670 H200 |
| Торап өндірушісі | Hewlett Packard Enterprise (HPE) |
| Процессор (атауы мен моделі) | Intel® Xeon® Platinum 8568Y+ |
| Процессор жиілігі (МГц) | 2.3 GHz |
| Әр сокеттегі ядролар саны | 48 |
| Әр тораптағы сокеттер саны | 2 |
| Жеделдеткіш / Копроцессор / GPU | NVIDIA H200 Tensor Core GPU |
| Модель және өндіруші | H200 NVIDIA |
Суперкомпьютер Tier III сенімділік деңгейіндегі деректер орталығында орнатылып, үздіксіз және тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Оның іске қосылуы — Президенттің Жолдауында айтылған ұлттық цифрлық инфрақұрылымды құру және ұлттық AI-экожүйесін дамыту жөніндегі бастаманы жүзеге асырудағы маңызды қадам. Бұл бастама тек мамандарға ғана емес, бүкіл елдің цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған. Мұндай есептеу қуаттары бүгінде денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және мемлекеттік қызметтер сияқты барлық салаларда қолданылады.
Маңыздысы — суперкомпьютердің ресурстары барлығына қолжетімді болады. Нейрондық желілерді оқыту үшін есептеу қуаттары қажет стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін университеттер, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен бизнес-процестеріне AI енгізетін компаниялар осы ресурстарды пайдалана алады.
Жоба 2029 жылға дейінгі жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын іске асырудың маңызды элементі және Қазақстанның заманауи IT-инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.
Суперкомпьютерді құру келесі мақсаттарға бағытталған

Жасанды интеллектті дамыту
Экономиканың әртүрлі салаларында AI шешімдерін әзірлеу мен енгізу үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Үлкен деректерді өңдеу
Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың деректерін талдау мен өңдеу үшін қуаттар ұсыну.

Ғылыми зерттеулерді қолдау
Ғылым мен білім саласында жоғары технологиялық зерттеулер жүргізуге жағдай жасау.

Цифрлық егемендікті дамыту
Ел ішінде деректерді өңдеу мен сақтауда тәуелсіздікті қамтамасыз ету.












