Skip to main content

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры

ЗТ МДҚ (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) жобасының мақсаты бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге ЗТ МДҚ-мен және Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, БСН беруді қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру мерзімі:

2003-2007 жылдары – құру, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және іске қосу;

2008–2009 жылдары – жүйені сүйемелдеу;

2009-2010 жылдары – тәжірибелік пайдалану және жаңғыртылған жүйені енгізу;

2011 ж. – қазіргі уақытқа дейін өнеркәсіптік пайдалануда, жаңғыртылған АЖ сүйемелдеу;

 ЗТ МДҚ жобасының міндеттері:

 - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тіркеу есебін жүзеге асыру;

 - Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді ұсыну мақсатында ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау және өңдеу;

 - БСН арқылы заңды тұлғаларды бір мәнді сәйкестендіру;

 - Заңды тұлғаларды сәйкестендіру бөлігінде әртүрлі ведомстволарға тиесілі ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру;

 - Заңды тұлғалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді сақтайтын және ұсынатын орталықтандырылған деректер базасын құру;

 -Ұсынылған тіркеу ақпаратын «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер қорының деректерімен салыстыру арқылы «жалған кәсіпорындарды» заңсыз тіркеу фактілерінің жолын кесу;

 - Әрекетсіз заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтайшысы болып табылатын тіркелген заңды тұлғалардың фактілердің жолын кесу;

ЗТ МДҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының 34 ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.