Skip to main content

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры

«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – азаматтық халды  сәйкестендіру және анықтау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу және сақтаудың бірыңғай жүйесі.

Жобасының мақсаты: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсетумен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді беру, атап айтқанда АХАЖ тіркеу бөлімдерінде, құжаттау, әлеуметтік сақтандыру, медициналық қамтамасыз ету, зейнетақымен қамтамасыз ету, салық бөлімдері және де басқа қызметтер саласында жеке тұлғалардың барлық тіркеу жүйелерін бірыңғай ақпараттық біріктіру.

Міндеті: ҚР қолданыстағы заңына сәйкес және өз өкілеттілігінің шеңберінде орындалатын ведомстволық жүйелердің ақпараттық ресурстарының интеграциясы, жеке тұлғаларды есепке алу және барлық ведомстволық жүйелердің ары қарай дамуында қаражаттың үнемделуін қамтамасыз ету

Бағыттар:

  • жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы жеке тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне өту;
  • қолдныстағы және әзірленетін ведомстволық есепке алу жүйелерінің өзара үйлесімсіздігіне қатысты проблемалардың шешімін табу, Қазақстан Республикасының Ұлттық тізілімін қалыптастыру үшін алғышарттарын құру;
  • мемлекеттік органдардың деректер қорындағы ақпаратты өзектілеу және ақпараттың қайталанылуын болдырмау.

2007 жылы 13 желтоқсанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын тұрақты пайдалануға енгізу туралы  актісіне қол қойылды.

ЖТ МДҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволарының 59 ақпараттық жүйелерімен интеграцияланды.