Skip to main content

Қазақстан әлемдік ІТ таланттарын тарту үшін «Digital Nomad Residency» жобасын іске қосты

Қазақстан әлемдік ІТ таланттарын тарту үшін «Digital Nomad Residency» жобасын іске қосты

Қазақстан шетелдік ІТ мамандарына жаңа мүмкіндіктер ашатын «Digital Nomad Residency» пилоттық жобасын ұсынды. Бағдарламаның мақсаты – әлемдік ІТ таланттарын елге жұмыс істеуге және тұрақты тұруға тарту, оның қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономикасының бір бөлігі болу.

«Digital Nomad Residency» бағдарламасы ІТ саласында жұмыс істейтін шетелдік мамандарды тартуға бағытталған. Ол Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігін жеңілдетілген түрде ұсынады.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді енді eGov.kz порталында онлайн беруге болады

Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді енді eGov.kz порталында онлайн беруге болады

Аудит саласындағы мамандар енді мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін өтінімді eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Жаңа сервис жеке тұлғаларға қолжетімді және сертификаттау үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Ол барлық қажетті құжаттарды онлайн тапсыруға және өтінімнің мәртебесін Жеке кабинеттен қадағалауға мүмкіндік береді.

Қамқоршылық тағайындау қызметі eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды

Қамқоршылық тағайындау қызметі eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды

Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу қызметі қолжетімді. Жаңа қызмет өтініш беру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжат айналымын жояды және жалған мәліметтерді ұсыну қаупін азайтады. Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды.

Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.

Қызметті пайдалану үшін: