Skip to main content

«Жасыл дәліз»: инвесторларға мемлекеттік қызметтерге цифрлық форматта жедел қол жеткізу

«Жасыл дәліз»: инвесторларға мемлекеттік қызметтерге цифрлық форматта жедел қол жеткізу

«Жасыл дәліз» механизмі Қазақстанда инвестициялық жобаларға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі басым тәртіппен көрсету мақсатында енгізілген. Аталған функционал «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде іске асырылған және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылында қолданылады. Шешім 2025 жылғы 7 маусымда іске қосылды.

eGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды

eGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болатын. Енді өтінішті тікелей смартфоннан рәсімдеуге болады.

eGov Mobile қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы пайда болды

eGov Mobile қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы пайда болды

eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы қолжетімді болды. Жаңа функционал Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылып, пайдаланушыларға цифрлық таңбалау жүйесінен мәліметтерге тез және тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.