Skip to main content

eGov Mobile қосымшасында әскери оқу орындарына қайта қабылдау қызметі іске қосылды

eGov Mobile қосымшасында әскери оқу орындарына қайта қабылдау қызметі іске қосылды

Енді әскери оқу орнына қайта қабылдануға өтінішті смартфон арқылы беруге болады. eGov Mobile мобильді қосымшасында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметі қолжетімді болды. Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz порталында ұсынылатын.

Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді elicense.kz порталында онлайн ресімдеуге болады

Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді elicense.kz порталында онлайн ресімдеуге болады

elicense.kz порталында заңды тұлғаларға арналған, отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия алуға арналған жаңа қызмет іске қосылды. Қызмет автоматтандырылған және кәсіпкерлерге өтінімді толығымен онлайн режимде беруге мүмкіндік береді. 

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсатты eGov Mobile арқылы рәсімдей алады

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкін басқаруға рұқсатты eGov Mobile арқылы рәсімдей алады

Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін басқаруға рұқсат алу қызметін тек eGov.kz порталынан ғана емес, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалана алады.

Қызмет сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін көрсетіледі және зейнетақы мен жәрдемақыны алу, мүлікті сату сияқты түрлі әрекеттер үшін рұқсат рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны онлайн түрде elicense.kz порталынан алуға болады

Қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны онлайн түрде elicense.kz порталынан алуға болады

Үйірме, шығармашылық студия немесе спорт секциясын ашқыңыз келе ме? Енді қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы міндетті хабарламаны бірнеше қадамда жіберуге болады – elicense.kz порталындағы жаңа қызмет толығымен автоматтандырылған және онлайн түрде қолжетімді.