Skip to main content

Балалардың туылуын eGov порталы арқылы тіркеушілер саны өсіп келеді

Балалардың туылуын eGov порталы арқылы тіркеушілер саны өсіп келедіребёнка через портал eGov

Елімізде балалардың туылуын электрондық үкімет арқылы тіркеу қызметінің танымалдылығы артып келеді. Соңғы бес жылда баланың туылуын тіркеуге қатысты көрсетілген қызметтер саны өсіп, бала күтіміне қатысты жәрдемақыны тағайындау мен балабақша кезегіне тұруда электрондық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдаланғандардың саны айтарлықтай артқан. 2012 жылы бұл көрсеткіш 8 мыңға жуық көрсетілсе, 2016 жылы 430 мың мәрте көрсетілген екен. Ал 2017 жылдың бес айында аталған қызметтердің көмегіне 106 мыңнан астам жүгінген. 

Сонымен қатар, электрондық үкіметте «Баланың туылуы» атты композиттік қызметтің қолжетімді екенін естеріңізге саламыз. Аталған қызметке сәйкес онлайн түрде баланың тууын тіркеуге өтініш беру, балаға ЖСН тағайындау, баланың тууына қатысты біржолғы жәрдемақыны алу, баланы балабақша кезегіне қоюға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп проактивті қызметтерді дамыту жұмыстарын жасауды жоспарлап отыр.