Skip to main content

БЖЗҚ салымшысына ақпарат беру кеңінен таралған Egov қызметтерінің топ бестігіне кірді

e-gov

2017 жылғы бірінші жартыжылдықта азаматтарға 18 млн. астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген танымал қызметтердің бестігіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» енді. Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта осы қызмет1 426 237 рет пайдаланылды.

 Саны жағынан ең көп көрсетілген қызмет тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру қызметі - 10 млн.-нан асады, екінші және үшінші орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама –
2 млн. астам және Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама –
2 млн. астам, төртінші орынға – БЖЗҚ салымшысына ақпарат беру орналасты. Ал топ бестіктің соңғы орнында тұрған қылмыстық құқық бұзушылықтың болуы (болмауы) туралы анықтама 855 114 рет берілген.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы өткен төлемдер 1,4 млрд. теңгеге көбейген. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 7,7 млрд.теңгені құрады.

Бүгінгі күні Қазақстанның электрондық үкімет www.egov.kz порталында 237 әртүрлі қызметтер мен сервистердің қолжетімді екенін ескертеміз.