Skip to main content

Цифрлық аңшы куәлігі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Аңшы куәлігі» қолжетімді. Электрондық құжат оны 2023 жылдың қаңтарынан бастап ресімдеген азаматтар үшін қолжетімді.

Цифрлық аңшы куәлігін eGov Mobile қосымшасында Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәләндыру үшін пайдалануға болады.

Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі «Аңшы куәлігіне» (сурет-1) басу қажет.

Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде 11,7 млн.астам азамат белсенді пайдаланатын 24 құжат (жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті және туу туралы куәлік және т. б.) бар. Барлық цифрлық құжаттарды талап ету орны бойынша ұсынуға болады, Заңмен электрондық құжаттың, яғни цифрлық құжаттардың, олардың аналогтарының баламалылығы бекітілген.