Skip to main content

EGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында жылжымайтын мүлік қызметтері бірнеше күн қолжетімді болмайды

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшу жөніндегі техникалық жұмыстарына байланысты, ағымдағы жылдың 5-9 мамыр аралығында eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында жылжымайтын мүлік қызметтері қолжетімді болмайды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерін міндетті тіркеуге және техникалық тексеруге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрлері eGov.kz «Электрондық үкімет» порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында жылжымайтын мүлік қызметтері қолжетімді болмайды.

Яғни мына қызметтер қолжетімді болмайды:

- нотариустан тұрғын үй сатып алу-сату шартын және жылжымайтын мүлікке байланысты басқа да мәмілелерді ресімдеу;

- тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу;

- пәтерді ипотекаға сатып алу кезінде кепілді ресімдеу, сондай-ақ кепілді тоқтату;

- заңдық талаптар мен тыйым салу;

- пәтерде тіркелу;

- жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру-техникті шақыру;

- жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы барлық мәліметтерді сұрау.

Сонымен қатар, аталған қызметтер ағымдағы жылдың 5-9 мамыры аралығында ХҚКО-ларда да қағаз түрінде қолжетімді болмайды.

Сондай-ақ, аталған күндері нотариустар, салық, екінші деңгейлі банктер және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелерінде жылжымайтын мүлікті ресімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды қабылдау тоқтатылады.

Айта кеткен жөн, 2023 жылдың 5 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ» жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін іске қосады.