Skip to main content

Хакатон «Open Data Kazakhstan»

Хакатон «Open Data Kazakhstan»

29-30 сәуірде Алматыда «OpenDataKazakhstan» хакатоны өтеді. «Microsoft Kazakhstan» компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және MOST Бизнес-инкубаторы компаниялары бірігіп шараны өткізеді.

Хакатонның бағдарламасына ашық деректер, Microsoft Azure бұлтты сервистері мен Microsoft құралдарын жасау бойынша ақпараттық сессиялар және MOST Бизнес-инкубаторы коворкингіндегі командалық жұмыстар қосылған. Хакатонның екінші күні командалар өздері жасап шығарған жобаларды көрсетіп, әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес мұндай шаралар бастамашылықты дамытады, әрі Қазақстандағы Ашық үкіметтің ашық деректері мен Microsoft-тың алдыңғы қатарлы бұлтты сервистеріне негізделе отырып әлеуметтік және коммерциялық маңызы бар жобалардың сәтті жасауға болатынын көрсетуге арналған.

Өту орыны:  MOST Бизнес-инкубаторы компаниясының аумағында өтеді (Алматы қ-сы, Жандосов көшесі, 55/5).

Шараға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеуден өту керек https://goo.gl/forms/onmRpxBAIWmdH2dw1 .