Skip to main content

ҚАЗАҚСТАН – КОРЕЯ: «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚАЗАҚСТАН – КОРЕЯ: «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

24-сәуірде Астана қаласында электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан және Корея өкілдері арасында кездесу өткізілді. Мемлекеттік басқару және ішкі істер бойынша вице-министрі Ким Сонг Рёл бастаған Оңтүстік Кореядан келген делегацияны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қарсы алды.

Кездесу барысында электрондық үкімет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және тереңдету, мемлекеттік органдар үшін IaaS, PaaS, SaaS үлгілерінің бұлтты қызметтерін ұсыну бойынша тәжірибе алмасу, бұлтты шешімдерді, соның ішінде мемлекеттік органдар үшін өзіне өзі қызмет көрсету порталын, бұлтты қызметтер тізімдемесін техникалық іске асыру үшін мүмкіндіктер талқыланды.

Тараптар келіссөздерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік үлгісі бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды әзірлеу мүмкіндіктері туралы бастаудан келісті. Тәжірибе және білім алмасу бойынша конструктивті диалогты жақсарту, екі тараптың қажеттіліктерін көбірек айқындау және өзара қатынасты нығайту үшін түрлі жолдар, соның ішінде «Корея-Орталық Азия» форумы іске қосылатын болады. Меморандум аясында электрондық үкімет мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстандық сарапшылар мен лауазымды тұлғалар қазақстандық үкіметтің басшы тұлғалары мен сарапшыларының әлеуетін әрі қарай өсіру үшін электрондық үкімет саласындағы тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысатын болады.

«Төртінші технологиялық революция өтуде. Біз ақылды ұлт қалыптастырғызымыз келеді. Ал Қазақстанға келер болсақ, ТМД елдері мен Орта Азия мемлекеттері арасында көшбасшыға айналған  Қазақстанның цифрлануының жоспарланғанынан хабардармыз. Корея мен Қазақстан екі түрлы ел болғанымен де халықтың жағдайын жақсарту долындағы мүдделеріміз ортақ» - деді Оңтүстік Кореяның мемлекеттік басқару және ішкі істер бойынша вице-министрі Ким Сонг Рёл.

Электронды үкіметтің дамуы туралы толыққанды ақпаратпен бөліскен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әлнұр Ермағамбетов екі жақты ынтымақтастық шеңберіндегі электрондық үкімет саласында көш бастап келе жатқан Корея Республикасының тәжірибесі қазақстандық тарап үшін пайдалы болатынын атап өтті.

«Электронды үкімет инфрақұрылымының шеңберінде 740 қызмет пен сервис қолжетімді. Қазіргі уақытта бір реттік sms-құпиясөзі арқылы берілетін қызметтер тізімін көбейту жоспарланған. Бүгінгі таңда «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру» қызметі іске қосылған. «ҰАТ» АҚ Деректерді өңдеу орталығы хостинг, колокейшн, компьютер құрылғыларына  жүйелік-техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар, электронды үкімет ақпараттық жүйелері мен басқа да мемлекеттік бағдарламаларды енгізу және сүйемелдеу жұмыстарын атқарып келеді» деді – Әлнұр Ермағамбетов.

Кездесу соңында Оңтүстік Кореядан келген делегация Халыққа қызмет көрсету орталығы мен электронды үкіметтің Бірыңғай байланыс орталығына барып, аталған орталықтардың жұмысымен танысты.