«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқармасының мүшесі болып Гүлмира Исабекова тағайындалды

Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен Гүлмира Болатқызы Исабекова «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі болып сайланды. Жаңа қызметінде ол E-otinish жүйесін, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын және мемлекеттік органдарға арналған бұлтты шешімдерді қоса алғанда, негізгі цифрлық сервистерді дамыту мен сүйемелдеуге жауапты болады.
Гүлмира Исабекова 1987 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтаған. 2021 жылы Назарбаев Университетінде Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2011 жылғы мамыр айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да сервистерді ілгерілету жөніндегі менеджер қызметінен бастаған. 2011 жылғы шілдеден 2020 жылғы маусым айына дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «Зерде» холдингі» АҚ құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Гүлмира Болатқызының жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады, оның ішінде 5 жылдан бері – басқарушылық лауазымдарда, негізінен мемлекеттік секторды цифрландыру және электрондық үкіметті дамыту саласында жұмыс істеген.
«ҰАТ» АҚ-дағы қызметі барысында ол eGov.kz электрондық үкімет порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, Smart Bridge платформасы және «Ашық үкімет» жүйесі сияқты ұлттық маңызы бар жобаларды іске асыруға атсалысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы енгізген цифрлық шешімдердің іске қосылуын үйлестірді: «Әкімшілік істердің бірыңғай тізілімі» және «Тексерулердің бірыңғай тізілімі».