Skip to main content

«Цифрлық үкімет» офисінің Бірыңғай ахуал орталығы

«Цифрлық үкімет» офисінің Бірыңғай ахуал орталығы «Цифрлық үкімет» офисінің, Президент Әкімшілігінің рәсімдерін дайындауды және сапалы басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді. Проблемалық жағдайларды талдауға, ағымдағы жағдайға мониторинг жүргізуге ақпараттық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, іс-шараларды жоспарлауды, өткізуді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік-экономикалық және басқа да қызмет салаларында болған оқиғаларды талдайды.

«Цифрлық үкімет» офисінің Бірыңғай ахуал орталығында (Almaty залы) іс-шара өткізуге өтінім беру үшін хат пен материалдарды Almatyhall.sitcentre@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет.

Залды броньдауға берілетін өтінім үлгісі:
1. Ұйым (департамент);
2. Ұйымдастырушының байланыс деректері;
3. Броньдау уақыты/күні;
4. Жиналыстың тақырыбы мен қатысушылары.