Директорлар кеңесі

Оразбек Асхат Елубайұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Оразбек Асхат Елубайұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Туған жылы мен күні: 1976 жылғы 13 сәуір.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Білімі:
1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Математик, инженер-бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 1995 жылы ҚР БҒМ Қолданбалы математика институтының Компьютерлік математикалық физика зертханасында инженер қызметінен бастады. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінің Ақпараттандыру және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚ-да басшылық қызметін атқарған. Қазақстан Республикасындағы блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болған. 2019 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.
2019 жылғы 1 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Министрліктің қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде аталған лауазымды атқаруда.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.

Мырзахметов Қайрат Жақсығұлұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілі
Мырзахметов Қайрат Жақсығұлұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілі
Туған жылы мен күні: 1984 жылғы 24 сәуір.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Білімі:
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітіріп, қаржы бакалавры дәрежесін алды.
2022 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.
Еңбек тәжірибесі:еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері болды.
2021 жылғы наурыз - 2022 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.

Коняшкин Ростислав Анатольевич
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы
Коняшкин Ростислав Анатольевич
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы
Туған жылы мен күні: 1989 жылғы 4 қыркүйек.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Білімі:
2011 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Математика» (қаржы-актуарлық бағыт) мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық жүйелер магистрі дәржесін алған.
Жобаларды басқару жөніндегі сертификатталған кәсіби маман (Сертификат: IPMA level C).
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек тәжірибесі:еңбек жолын 2011 жылғы қыркүйек айында «ERP-service «Kaztranscom» ЖШС-да аналитик, менеджер болып бастаған. 2012 жылғы тамыз – 2020 жылғы ақпан аралығында «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ-да, ҚР БҒМ «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұлттық орталығы» АҚ-да, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-да қызмет еткен.
2020 жылғы ақпан – 2021 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орныбасары болған.
2021 жылғы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.

Нұрышев Арман Жақыпбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Нұрышев Арман Жақыпбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.
Туған жылы мен күні: 1977 жылғы 2 мамыр.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі қызметі:
- Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет төрағасы;
- Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет мүшесі;
- Аудит жөніндегі комитет мүшесі.
Білімі:
1998 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Халықаралық экономикалық қатынастар бакалавры дәрежесін алған;
1999 жылы Экономика институтын (Боулдер, АҚШ) бітірген;
2000 жылы Колорадо штатының университетінде (Денвер, АҚШ) МВА дәрежесін/Іскерлік әкімшілендіру шебері дәрежесін алған;
2015 жылы Сертификатталған тәуелсіз директор / Қазақстанның тәуелсіз директорлары қауымдастығының мүшесі;
2021 жылы IOD халықаралық сертификатын алған (Лондон), Сертификатталған тәуелсіз директор, Certificate in Company Direction.
Еңбек тәжірибесі:еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Өз уақытында «Астана Финанс» АҚ-да Корпоративтік қаржы департаментінің менеджері, Басқарма төрағасының көмекшісі, Корпоративтік қаржы департаментінің басшысы болып жұмыс істеген. «Астана Газ Сервис» АҚ-да Сапа жөніндегі комитеттің, Бюджеттік комиссия комитетінің төрағасы, Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды. Сонымен бірге, «Oracle Corporation» компаниясында сату жөніндегі менеджер, «SAP AG» компаниясында сату жөніндегі директор, негізгі тапсырыс берушілермен жұмыс жөніндегі директор болды. «Samsung Electronics» компаниясының Орталық Азия және Кавказ «Samsung Electronics» компаниясы корпоративтік дивизионының директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Трансформация және ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары болды. Қазіргі уақытта «VK Цифровые Технологии» Қазақстандағы өкілдігінің басшысы.
Сонымен бірге, Қазақстанның ІТ-менеджерлері қауымдастығының мүшесі (2015 жылдан бастап), «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының қауымдастығы кеңесінің құрметті мүшесі (2013 жылдан бастап). 2019 жылғы қаңтар айынан бастап «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі. 2020 жылғы қараша айынан бастап «Astana Innovations» АҚ тәуелсіз директоры, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап - «Евразийский капитал» АҚ тәуелсіз директоры.
2021 жылғы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы.
А.Ж. Нұрышев «ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде Заңмен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленген тәуелсіздік өлшемдеріне сәйкес келеді, атап айтқанда: Қоғамның үлестес тұлғасы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда); Қоғамның үлсетес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес; Қоғамның лауазымдық тұлғаларына немесе Қоғамның үлестес тұлғаларына – ұйымдарға бағынбайды; мемлекеттік қызметші емес; Қоғам аудиторы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде аудитор болмаған; аудит жүргізетін ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамда аудит жүргізуге қатыспайды және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудит жүргізуге қатыспаған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.

Қайырбеков Ұлан Қайратұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Қайырбеков Ұлан Қайратұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Туған жылы мен күні: 1988 жылғы 30 шілде.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі қызметі:
- Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет төрағасы;
- Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет мүшесі;
- Аудит жөніндегі комитет мүшесі.
Білімі:
2012 жылы Nanyang Technological University (Сингапур) "Bachelor of Computer Engineering (Computer Science)" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек тәжірибесі:еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары "Инженерлік-технологиялық орталық" ЖШС-да бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологияларды дамыту басқармасының басшысы, Naimi.kz жеке мамандарды іздеуге арналған сервистің негізін қалаушы және бас директоры, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық талдау орталығының басшысы болып қызмет еткен.
Қазіргі уақытта OLX Kazakhstan онлайн хабарландыру платформасының бас директоры қызметін атқарады.
Ұ.Қ. Қайырбеков «ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде Заңмен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленген тәуелсіздік өлшемдеріне сәйкес келеді, атап айтқанда: Қоғамның үлестес тұлғасы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда); Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес; Қоғамның лауазымдық тұлғаларына немесе Қоғамның үлестес тұлғаларына – ұйымдарға бағынбайды; мемлекеттік қызметші емес; Қоғам аудиторы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде аудитор болмаған; аудит жүргізетін ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамда аудит жүргізуге қатыспайды және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудит жүргізуге қатыспаған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.

Бектұрғанова Гүлжан Жаңалықызы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Бектұрғанова Гүлжан Жаңалықызы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Туған жылы мен күні: 1982 жылы 22 желтоқсан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі қызметі:
- Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет төрағасы;
- Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет мүшесі;
- Аудит жөніндегі комитет мүшесі.
Білімі:
2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітіріп, құқықтану бакалавры дәрежесін алды.
2013 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін бітіріп, есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры дәрежесін алды.
2021 жылы АҚШ-тың Пенсильвания университетінде ұйымдастырушылық динамикадағы ғылым шебері дәрежесін алды.
2022 жылы Тәуелсіз директорлар қауымдастығының «Ұйымды тиімді басқару» сертификаттауынан өтті.
Еңбек тәжірибесі:еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары оқытушылық қызметпен айналысқан, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
Қазіргі уақытта OLX Kazakhstan онлайн хабарландыру платформасының бас директоры қызметін атқарады.
2010 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қазанына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2018 жылғы қарашадан 2019 жылғы шілдеге дейін Fintech Hub Astana International Financial Center үшін консультант;
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «dBridge» ЖШС-нің тең құрылтайшысы және директоры болып табылады. Сондай-ақ, Qazaqstan Independent Directors қауымдастығының мүшесі, Qazaqstan Independent Directors консультативтік кеңесінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының стипендиаты.
Бектұрғанова Г.Ж. «ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде тәуелсіздіктің Заңмен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленген өлшемдеріне сәйкес келеді, атап айтқанда: Қоғамның үлестес тұлғасы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда); Қоғамның үлсетес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес; Қоғамның лауазымдық тұлғаларына немесе Қоғамның үлестес тұлғаларына – ұйымдарға бағынбайды; мемлекеттік қызметші емес; Қоғам аудиторы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде аудитор болмаған; аудит жүргізетін ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамда аудит жүргізуге қатыспайды және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудит жүргізуге қатыспаған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.