Skip to main content

Кіріс шарттарын үйлестіру департаментінің менеджері

Үміткерге қойылатын талаптар:

  • Қызмет саласы бойынша жоғары/орта кәсіптік білімге рұқсат етіледі (әлеуметтік-экономикалық ғылымдар және бизнес; құқық; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технологиялар; әскери істер және қауіпсіздік; гуманитарлық ғылымдар);
  • В.П., СП білімі болған жағдайда – кемінде бір жыл.

Қажетті білім мен дағдылардың болуы

  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын және функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті заңнамаға тәуелді нормативтік құқықтық және жергілікті актілерді білу;
  • Функционалдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және заңға тәуелді актілерді, нормативтік құқықтық және жергілікті актілерді білу;
  • Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын және функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілерді, нормативтік құқықтық және жергілікті актілерді білу;
  • Мемлекеттік сатып алудың https://goszakup.gov.kz/ веб-порталында Қызмет көрсетушінің өкілі ретінде жұмыс істеу дағдылары.

Міндеттері:

  • Тапсырыс берушілердің Қоғамның көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарттарының жобаларын орналастыруы үшін мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі;
  • Тапсырыс берушілермен орталықтандырылған кіріс шарттарын және оларға қосымша келісімдер жасау;
  • Кіріс шартын оның әрекет ету мерзімі ішінде қолдап отыру (іске асыруға қатысу);
  • Қоғамның шарттық міндеттемелерін орындау құжаттамасы;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға, конференцияларға, жұмыс топтарына және т.б. қатысу;
  • Өз құзыреті шегінде басқа да тапсырмаларды орындау.

Біз ұсынамыз:

  • Жұмыскерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарынан өту (оның ішінде халықаралық стандарттар);
  • 2 (екі) лауазымдық жалақысы мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған емдік жәрдемақы;
  • Тоқсан сайынғы сыйлықақылар;
  • Заманауи және қолайлы кеңсе;
  • Елорданың барлық аудандары арқылы жүретін қызметтік автобустармен таңертең және кешке тасымалдау.

Шарттары:

  • Жалақы – 190 000 теңге;
  • Жұмыс кестесімен толық уақыт 9.00-ден 18.30-ға дейін, 5/2.

Түйіндемеңізді hr@nitec.kz электрондық поштасына жіберіңіз.