20.03.2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ e-Otinish ақпараттық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізу туралы хабарлайды.
Техникалық жұмыстар 21 наурыз сағат 00:00-ден 24 наурыз сағат 08:00-ге дейін жоспарланған. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең аз белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Көрсетілген кезеңде e-Otinish жүйесіне қол жеткізу уақытша шектеледі.
Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!







