Skip to main content

eGov Business – отандық кәсіпкерлердің цифрлық көмекшісі

Енді жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері өз бизнесін бірнеше қадам арқылы басқара алады: жаңартылған eGov Business қосымшасындағы жеке кабинет компания туралы барлық ақпаратты біріктіреді, AI-чат-боттар шешімдерді ұсынады, ал Салық күнтізбесі төлем мерзімдерін автоматты түрде еске салады. Мұның бәрі отандық кәсіпкерлерге eGov Business мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасында қолжетімді.

Өз бизнесіңді қосымша арқылы бірден бастауға болады. Бастап жатқан кәсіпкерлерге, соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелгісі келетіндерге «ЖК тіркеу» және «ЖШС тіркеу» қызметтері қолжетімді. Жаңартылған қосымша оңтайландырылған интерфейсінің арқасында бұрынғыдан да жылдам, ыңғайлы әрі тиімді бола түсті. eGov.kz веб-сервистерімен және серіктес платформалармен жетілдірілген интеграция деректерді өңдеу үдерісін жеделдетіп, операцияларды орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, eGov Business-те кәсіпкердің жеке кабинеті басқарудың әмбебап панеліне айналды. Компания туралы барлық ақпарат, соның ішінде заңды тұлға, лицензиялар мен филиалдар туралы мәліметтер бір жерде жинақталған. Салықтық күнтізбе төлем мерзімдерін еске салып, ал AI-чат-боттар кәсіпкерге жеке ұсыныстар береді, бұл бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетеді.

Қосымшаның маңызды жаңалығы – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тәуекелдерді басқару сервисі. Бұл сервис кәсіпкерлерге алдағы тексерулер туралы алдын ала хабарлап, кез келген жағдайға дайын болуға және ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға көмектеседі.

Бүгінде eGov Business – жай ғана қосымша емес, шағын және орта бизнестің процестерді оңтайландырып, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға көмектесетін толыққанды цифрлық құрал. Мобильді қосымша кәсіпкерлерге дұрыс шешім қабылдауға ғана емес, сонымен қатар бизнесті дамытып, бюрократиялық рәсімдерді азайтып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қосымшада 32 қызмет қолжетімді, бұл бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті едәуір жеңілдетеді.

Бұдан бөлек, команда қосымшаның функционалын айтарлықтай жақсартты. Тестілеу барысында сыртқы веб-сервистер мен платформалармен ауқымды интеграциялық жұмыстар жүргізіліп, барлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі мен барынша тиімділігі қамтамасыз етілді.

Бұған дейін қосымшада «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» сервисі іске қосылған болатын. Бұл сервис сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді: заңды тұлғалардың басшылары электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы онлайн форматта сенімхаттарды жылдам әрі қауіпсіз рәсімдей алады. Бұл тек процесті жеделдетіп қана қоймай, ұйым ішіндегі өзара әрекеттестікті ашық әрі тиімді етеді.

eGov Business платформасы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, веб-сервистерге интеграция арқылы қолжетімділік беруде. Бұл үшінші тарап әзірлеушілері мен компанияларға өз сервистерін eGov Business интерфейсі арқылы ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша кәсіпкерлерге цифрлық құралдарға ыңғайлы қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.