Skip to main content

eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталының қосымша 3 қызметтің іске қосылғанын хабарлайды.

Енді бот көмегімен азаматтар келесі қызметтерді ала алады:

•  Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу;

•  Әлеуметтік мәртебені тексеру;

•  Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу.

Азамат «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kzпорталының Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі  ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудың нәтижесін азаматтың электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар.

Естеріңізге салсақ, 21-ші мамырда «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Әсет Тұрысов 4 ең танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеңілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың іске қосылуын хабарлаған.

Қазіргі таңда Telegram-ботқа 7016 азамат жазылды, олар 6107 анықтамаға сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы  тегін кеңес беретін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдауға болады.