Skip to main content

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) сүйемелдейтін жобалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Жұмыстар «ҰАТ» АҚ жобаларының бүкіл цифрлық экожүйесінің қолжетімділігіне әсер етеді.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу eGov.kz порталында қолжетімді

Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу eGov.kz порталында қолжетімді

Электрондық үкімет порталы – eGov.kz сайтында «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі» мемлекеттік қызметі қолжетімді. Бұл қызмет қазақстандықтарға жеке сот орындаушысы, нотариус, адвокат немесе медиация саласында қызмет көрсететін маман ретінде тіркеуге өтінімді онлайн түрде жолдауға мүмкіндік береді.

Жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу салықтық әкімшілендіру мақсатында жүзеге асырылады және лицензия немесе куәлік негізінде кәсіби қызмет атқаратын жеке тұлғаларды қамтиды.

Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу тәртібі өзгереді

Электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін алу тәртібі өзгереді

2025 жылғы 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алу тәртібі өзгереді. Бұған дейін пайдаланушылар ЭЦҚ алу тәсілін өз бетінше таңдай алатын: онлайн не болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып. Енді негізгі жол – қашықтан алу. ХҚКО-ға жүгіну тек биометриялық сәйкестендіру жүйесі бірнеше әрекеттен кейін де тұлғаны растай алмаған жағдайда ғана мүмкін болады.

eGov Mobile қосымшасының жаңа нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды

eGov Mobile қосымшасының жаңа нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды

eGov Mobile мобильді қосымшасы соңғы жылдардағы ең ауқымды жаңартудан өтті: интерфейсі қайта жасалды, навигациясы жетілдірілді, интеллектуалды іздеу мен цифрлық құжаттарға жедел қол жеткізу мүмкіндігі қосылды. Жаңарту өсіп келе жатқан сұранысқа жауап ретінде іске асырылды – бес жыл ішінде eGov Mobile қолданушыларының саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асты.

Интеллектуалды іздеу және виртуалды көмекші

Көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесінің сайты жаңартылды

Көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесінің сайты жаңартылды

Қолданушылар үшін ашықтық пен қолайлылықты арттыру мақсатында көлік құралдарының электрондық паспорттары (ҚКЭП) жүйесінің сыртқы сайты жаңартылды. Енді сайтта ҚКЭП мәртебесін тексеруге арналған жаңа онлайн-сервис қолжетімді.

Бұл сервис арқылы көлік иелері электронды төлқұжатының жарамды-жарамсыз екенін жедел біле алады. Егер қателер салдарынан «жарамды» мәртебесі берілмесе, жүйе себебін автоматты түрде көрсетіп, оны түзету бойынша ұсыныс береді. Қызмет Қазақстанда, сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында рәсімделген төлқұжаттарды қамтиды.